Инфрақұрылымның дамуы

Өскеменнің орталық бассейн базасында су спорты түрлері бойынша спорт мектебі ашылады

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Өскеменнің кейбір спорт нысандары жасөспірімдер мектебіне тапсырылды, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан27 Ақпан , 11:36

«Өскемендегі  дене шынықтыру – сауықтыру кешені Шығыс Қазақстандық жасөспірімдер мен жеткіншектер  мектебіне тапсырылды, оған  1,5 мың бала барады.  Спорт мектептеріне нысандарды тапсыру шешімі қабылданды. Бұл мектептің тәрбиеленушілері көркем гимнастика мен спорттық ойын түрлерін дамытатын болады», - делінген хабарламада.

ССК тамашалау кезінде ата-аналар әкіммен кездесіп, ризашылықтарын білдірді. «Біз барлық ата-аналардың атынан сізге рақметімізді айтқымыз келеді. Біз бұл орайда мемлекет шынымен балалардың денсаулығына қамқорлық көрсетіп, қолдау көрсетіп жатқандығын сездік. Егер де осыған дейін балаларымыздың спортпен айналысуы  отбасы бюджетіне әсер етсе, қазір тегін бару мүмкіндігі туды», - деді болашақ чемпиондардың  ата-аналары.

Сондай-ақ, Ақпараттық орталық хабарлағандай, Сәтпаев көшесіндегі орталық бассейн базасында 1500-2000 адам қабылдайтын спорт мектебі ашылмақ.

 




Яндекс.Метрика