«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысында «Нұрлы жол» аясында энергетика инфрақұрылымы мен ТКШ-ны дамыту бойынша 20 жоба дайындалды

Ақмола облысында Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Нұрлы жол» бағдарламасының 4-ші бағыты бойынша 20 жоба дайындады,деп хабарлайды осы аймақтың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Александр Мартыненко.
Ақмола27 Ақпан , 11:21

«Біз ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетімен және ТКШ-ны жаңғырту орталығымен келісе отырып бірқатар жобалар дайындадық. Біз дайындаған жобалар тізіміне құны 27,4 миллиард теңге болатын жылумен қамтамасыз ететін 8 жоба, сумен қамтамасыз ететін және оны тарататын 12 жоба кірді. Осыған қарай біз жобаларымыздың тізімі  негізінде бюджеттік тапсырыс та беріп  қойдық»,- деді басқарма жетекшісі.

Сондай-ақ ол сөзінде өздері дайындаған тізімге жылумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі деген жобалар кіргендігін айтты. Олар: Есіл қаласы мен Шаңтөбе ауылындағы жылу қазандықтары, Красный Яр ауылындағы БМҚ (блокты-модульді қазандық), Көкшетау қаласындағы жылу жүйелері. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру барысында 50 километр жылу желісі мен қуаты 69 сағ/Гкал болатын 4 қазандық салынып,  қажеттілері қайта жөнделеді. Өз кезегінде бұл шара 12 қуаты аз кішігірім қазандықтарды жауап тастауға мүмкіндік бермек.    

«Жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы қайтарымы бар несие жүйесі ретінде беріледі. Несие табиғи монополия нысанына 30 жылға және жылына 0,02 пайызбен беріледі»,-деді А.Мартыненко.

 «Ақмола медиа орталығының» мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда жобалардың жүзеге асыратын оператор да анықталды. Ол ТҮКШ-н жаңғырту орталығы болады. Сондай-ақ осы уақытта несие беру мәселесі де талқылануда. Бұл ретте әсіресе басымдық шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзееге асырылатын жобаларға берілетіндігін айта кету керек. Оларды жүзеге асыру биылғы 2015 жылдан басталады және бірінші кезекте жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жобалар қаралуда.     




Яндекс.Метрика