Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің таңдаулы жобасына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл обысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайтыны туралы хабарлама берілді.
Казахстан27 Ақпан , 10:51

Ведомство хабарлағандай, қазіргі кезеңге Жамбыл облысының әкімдігімен Қазақ хандығының  550 жылдығына арналған ескерткіштің орнатылатын жері белгіленді. Осыған орай, ситуациялық схема, ескерткіштің орнату аумағы көрсетілген ситуациялық бас жоспар орналастырылып отыр.

Конкурстың шарттарына сәйкес конкурсқа қатысу жөніндегі өтініштер  ү.ж. 1 наурызына дейін қабылдануы тиіс. Бүгінгі күнге конкурсқа қатысу туралы жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті.

 




Яндекс.Метрика