Халықаралық интеграция

Астанада ТЖ күресу кезінде Түркия тәжірибесін қолдану мәселелері талқыланды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божконың басшылығымен Түрік Республикасы Үкіметінің жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің өкілі Мехмет Бодур мырзамен кездесу өткізілді.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан, 13:06

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында екі жақты ынтымақтастықтың динамикалық дамуына қызығушылығын атап өтті. Еліміздің жер сілкінісі, су басу, сел, көшкін сияқты төтенше жағдайларға әзірлігін талқылау барысында тараптар сейсмикалық күшейту, шұғыл ден қою және алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтарын өрістету мәселелерін қарастырды.

Нәтижесінде тараптар жоғарыда аталған қауіп-қатермен күресу үшін қос елдің білімі мен тәжірибесін біріктіру қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Өз кезегінде Мехмет Бодур мырза қабылдаған үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді және ІІМ ТЖК қазақстандық делегациясын төтенше ведомстволар арасында екі жақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде мүмкін болатын бірлескен жобаларды тұжырымдау үшін Түркияда қабылдауға дайын екенін айтты.

 





Яндекс.Метрика