Адами капитал

БҒМ мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен республикалық жұмыскерлер бірлестіктері мен республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде БҒМ мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы меморандумға қол қойды.
Нұр-Сұлтан27 Ақпан , 10:21

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2015-2017 жылдардағы Министрлік пен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісіміне қол қойды.

Бұл келісім жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындғы еңбек қатынастары мәселелері, педагогикалық, медициналық және кітапхана қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу, олардың жұмыс уақытының ұзақтығы мәселелерін, басқа да әлеуметтік кепілдіктерді реттейтін болады.

Келісімде білім беру ұйымдары қажеттіліктері үшін кәсіби тұрғыда кадр даярлау және қайта даярлауға ерекше мән берілген.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы басшылығының төрағасы Майра Амантаева аталған келісімнің әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.     

 




Яндекс.Метрика