ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Атыраулық «Жігермұнайсервис» компаниясының жылдық айналымы 8 млрд теңгеге дейін артты (ФОТО)

Мұнайгаз техникасын жөндеумен айналысатын атыраулық «Жігермұнайсервис» компаниясының жылдық айналымы 2010 жылдағы 200 млн теңгеден 2014 жылы 8 млрд теңгеге дейін артты.
Атырау 27 Ақпан, 11:05

Әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан компания ағымдағы жылы жеткен жетістігін сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар өндіріп отырған өнім көлемін арттыруды жоспарлауда, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасы.

Жүз пайыз қазақстандық компания бастапқыда қашауларды жөндеуге бейімделген болатын. Алайда ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорында жоғары тереңдікте бұрғылауға арналған қашаулардың өндірісі іске қосылды. Бұл өте қиын өндіріс, ол үшін заманауи техникамен білікті мамандардың болғаны дұрыс.

«Бұрын әрқайсысы он мыңдаған доллар тұратын қашауларды еліміз импорттайтын. Ал Отандық өнім 30-40 пайызға арзан ғана болып қоймай, шетелдік өнімнен асып түсті. Сондықтанда кәсіпорын тапсырыс  тапшылығын сезінбейді. Алғашқы 300 қашау бірден өтіп кетті», - деді «Жігермұнайсервис»ЖШС директорының орынбасары Александр Яковлев.

Кәсіпорында жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік  жергілікті мамандар мен жұмыскерлер. Ағымдағы жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорында 350 адам жұмыспен қамтылған және ол өндіріс көлемін арттыруды жоспарлауда.

«Біз қашаулар өндірісін арттырудамыз. Олардың санын 500-600 данаға дейін жеткізуді жоспарлаудамыз. Өндіріс көлемін арттыруға нарықты зерттеуіміз мүмкіндік берді. Біз тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің нарығына да шықсақ  деп отырмыз, онда бұрғылау жұмыстары бағасы жоғары импорттық қашаулармен жүргізіледі»,- деп атап өтті А. Яковлев.

«Сонымен қатар, кәсіпорынның жоспарында алғыш рет Қазақстанда 5 мың метрден астам  тереңдікте скважиналарды бұрғылау үшін ауыр типтегі бұрғылау қондырғыларын құрылысын жүргізу бар. Рас, әзірге шетелден сатып аламызда құрастырамыз. Алғашқы қондырғыны құрастыру жұмыстары аяқталып қалды. Бұл бірегей өнімге қазақтандық мұнайшылар мен қатар ТМД елдеріндегі әріптестерімізде қызығушылық танытуда», - деп жалғастырды ол.

Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың соңына қарай кәсіпорын кезең кезеңімен халықаралық дәрежеге көтерілуде және қосымша 50-70 жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. 





Яндекс.Метрика