Инфрақұрылымның дамуы

Талдықорғанда 195 жас отбасы пәтерге ие болды (Фото)

Талдықорғанда 195 жас отбасы жаңа пәтерлерге ие болып, шаттануда. Қоныс иелеріне пәтер кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 27 Ақпан, 09:36

Құттықтау сөзінде облыс басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Тұрғын үйге қол жеткізу кез-келген азаматтың арманы. Осы көптен күткен арман-тілектеріңізге бүгін Сіздер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген қамқорлығының арқасында қол жеткізіп отырсыздар. Елбасының тапсырмасымен елімізде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнайы тұрғын үйлер салынып, өздеріңіз сияқты көптеген замандастарыңыз пәтерлерге ие болуда. Соның жарқын бір айғағы бүгін міне, бір сәтте 195 жас отбасына пәтер кілттерін табыс етіп отырмыз. Қуаныштарыңыз құтты, үйлеріңіздің іші жарық болсын», - деді А.Баталов.

Бүгінгі пайдалануға берілген 5, 7, 9 қабатты тұрғын үй кешені Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс аймағында орналасқан. Бұл үйде 66 пәтер бір бөлмелі, 106 – екі бөлмелі және 23 - үш бөлмелі пәтер бар.

 

 





Яндекс.Метрика