Энергетика

Жекешелендіру: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 3 нысаны саудаға шығарылды

Қазақстанда «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының компаниялар тобына кіретін 3 нысан саудаға шығарылды. Сондай-ақ «Ақтөбе ТЭЦ» акционерлік қоғамының 100 пайыз акциялары, «Маңғыстау электр жарығын тарату компаниясы» акционерлік қоғамының 75 пайыз плюс 1 акциясы, «Шығысқазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамының 100 акциялары саудаға шығарылды», деп хабарлайды «Самұрық-Қызана келісім» ЖШС-нің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Ақпан , 09:05

«Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамы өзінің қызметін 2006 жылдың 2 маусымында бастады. Бұл компания электр және жылу энергиясын өндірумен, Ақтөбедегі электр стансалары мен электр желілеріне және подстанцияларға қызмет көрсетумен айналысады. Бүгінгі таңда ондағы қызметкерлер саны 608 адамды құрайды.

«Маңғыстау электр жарығын тарату компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау қаласында орналасқан және ол өз қызметін 1996 жылдың 4-ші қазанында бастады. Кәсіпорынның негізгі бағыты электр энергиясын жеткізу және тарату болып табылады және онда осы уақытта 643 адам қызмет етуде. Бұл кәсіпорынның бағасы 31 миллион 254 мың АҚШ долларын құрап отыр.

«Шығысқазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы» Өскемен қаласында орналасқан. Бұл кәсіпорынның тарихы сонау 1944 жылдардан бастау алады. Ол уақытта «Алтайэнерго» деген кәсіпорын құрылып, соның негізінде  «Шығысқазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы»  іске қосылды. Бүгінгі таңда аталмыш компанияда 3 мың 49 адам жұмыс істеуде. 

Хабарланғандай, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ саудасына қатысу 2015 жылдың 24 сәуіріне дейін болады.  «МРЭК» АҚ мен» ВКЭРК» АҚ өтініш осы жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы алдын ала жопарланған 64 нысанның 59-ның активтерін саудаға шығарған. Алайда, олардың активтерін жекешелендіру 2016 жылға қалдырылды. Қазіргі таңда  құны 24 миллиард теңге болатын 24 компания саудаланды. Бұл компаниялардың алдын ала бағаланған құнынан 1,35 есеге көп.       




Яндекс.Метрика