Евразиялық одақ

Қазақстан мен Ресей Елбасылары еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 19:37

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда, қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақпандағы Минск келісімдерін орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері де қарастырылды.

Соңында В.Путин  Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.  




Яндекс.Метрика