Басқару

«Нұр Отанның» ақпараттық порталында бастауыш партия ұйымдарының қызметіне арналған бөлім ашылды

«Электрондық партия» Nurotan.kz жобасының ақпараттық порталында бастауыш партия ұйымдарының қызметіне арналған бөлім ашылды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 18:16

Бөлімде бастауыш партия ұйымдары туралы қызық деректер, сондай-ақ, олардың қызметімен байланысты ақпараттық хабарлар бар. Бөлім қазақ, орыс және ағылшын  тілдерінде дайындалған. Сайттағы ақпараттар тұрақты жаңартылып тұрады.

Еске сала кетейік, 2015 жыл бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында өтеді.  БПҰ - бұл кемінде үш партия мүшесінің негізінде құрылатын бастауыш партия ұйымы. Бүгінде 5 мың 598 бастауыш партия ұйымы 849,7 мың партия мүшесінің басын біріктіріп отыр. Бұл елдегі әрбір тоғызыншы сайлаушы. БПҰ-ның 60 пайызы ауылдарда орналасқан. Оның 40 пайызын әйелдер басқарады. Ең ірі 100 бастауыш ұйым қатарында 300 мың адам бар.




Яндекс.Метрика