«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» Қазақстанның қаржы жүйесін сауықтыруда маңызды рөл атқарады

Мемлекет басшысы «Қазақстанның халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловпен кездесуде елдің банк жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 17:43

Қазақстан Президенті екінші деңгейлі банктерге артылар жауапкершілік зор екеніне, «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыру үшін отандық экономикаға солар арқылы қаражат бағытталатынына назар аударды. 

Мемлекет басшысы бұл бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуда, сондай-ақ қаржы жүйесін сауықтыруда маңызды рөл атқаруы тиіс екендігін айтты.

А.Павлов Қазақстан банктерінің бүгінде сыртқы факторлардың ықпалы мен әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық салдарларын сезініп отырғанына тоқталды. Осыған байланысты ол ұлттық валютадағы ликвидтілікті арттыру  үшін бөлініп отырған қаражат бүкіл банк саласының орнықтылығына оң әсерін тигізеді деген пікір білдірді. 




Яндекс.Метрика