Адами капитал

Семейде майдангерлерге арналған концерт өтті (Фото)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы барлық қазақстандықтар үшін маңызды кезең болып саналады.
Шығыс Қазақстан 27 Ақпан, 10:06

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, еліміздің Қарулы Күштерінде бұл айтулы оқиғаға ерекше көңіл бөліп отыр. Жеңіс Қаһармандарына құттықтаулар, марапаттаулар арналып, көмек көрсетілуде. Қазақстан аумағында тұратын барлық ардагерлер нақты бір әскери бөлімшелерге бекітілген, әсіресе қомқорлық пен рухани қолдауға ерекше мұқтаж ардагерлерге әрдайым көмек көрсетіледі.

Олар әр мерекеде кездеседі, дегенмен әскери қызметшілер қамқорлығындағы ардагерге өз бастамаларымен жиірек барып тұрады. Осы аптада Семей қаласындағы зейнеткерлерге сауықтыру қызметін көрсету орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері барып қайтты.

32355-К әскери бөлімінің командирі аға лейтенант Нұрлан Таяпбергенов және «Шығыс» ӨңҚ әскери оркестрінің бастығы капитан Марат Сағындықов өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери қызметішлері атынан ардагерлерді құттықтап, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етті. Майдангерлерге әскери оркестр мен 32355-К әскери бөлімнің шығармашылық ұжымы соғыс жылдары тақырыбына арналған концерт ұйымдастырды.

 





Яндекс.Метрика