Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу жүйесі енгізілді

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлік құқығын баламасыз электронды тіркеуге болады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Казахстан26 Ақпан , 18:32

Аталмыш норма ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңына жасалған өзгерістерге сай енгізілді.

Электрондық тіркеу – бұл құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік реттеу қызметі. Құжат көшірмесі мәмілені нотариалдық растаудан кейін Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінен «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қорына келіп түседі.

Келісім жасалғаннан кейін нотариус электрондық тіркеуге өтініш пен барлық керекті құжаттарды тиісті органға жолдайды.

«Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды нотариуста құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу кезінде тіркей алады. Енді құжаттарды ХҚКО өткізу мен әділет органдарының шешімін күту қажет емес. Мәмілеге тұрғаннан кейін нотариус құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеуге өтінішті рәсімдейді, бірегей нөмірі бар хабарламаны ұсынады да төлем сомасын береді» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бахтияр Қожахметовхабарлайды. 

Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу бір тәулік ішінде нотариус өтінішті тапсырғаннан кейін және клиент төлем төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (БНАЖ) - бұл нотариустарды тиімді жұмыспен қамтамасыз ету және республикалық, территориалды нотариалды палаталармен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен өзара әрекетін, сонымен қатар халықты сапалы, құқықтық нотариалдық қызметпен қамсыздандыру үшін жасалған бағдарламалық-аппараттық кешен. Жоба 2009 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда БНАЖжүйесінде Қазақстанның 3500 жуық нотариусы тіркелген. 

 

 




Яндекс.Метрика