Өңірлер

Қостанай облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 16 мың ІҚМ сатып алынды

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс ішінде шаруа қожалықтары 16,7 мыңнан аса ІҚМ сатып алды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай27 Ақпан , 08:34

«Қолжеткізген қарқындарымызды қанағат тұтпауға тиіспіз.Бұл, әсіресе мал шаруашылығын дамытумен нашар айналысатын, «Сыбаға» бағдарламасында, малды асыл тұқымдандыруда, еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасында тиісті белсенділік танытпайтын аудандарға қатысты»,  - делінген хабарламада.

Оларға Жітіқара (40%), Қамысты (50%)аудандарын және Арқалық қаласын (64%), жатқызуға болады, оларда төрт жылдың ішінде «Сыбаға» бағдарламасын орындау берілген тапсырманың 4 0-70%-ынқұрайды.

Бағдарламаны орындаудың жоғары көрсеткіштері Меңдіқара (140%), Науырзым (132%),Федоров (128%)аудандарында байқалды.

Біздің облысымыздың мал шаруашылығын дамыту жөнінен үлкен әлеуеті барлығын ескере отырып, біз «Агробизнес 2020», «Құлан», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламаларының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануымыз және жайылымдық жерлерді суландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруымыз қажет.

 Тек осы бағыттар бойынша ғана  биылғы жылы Аграрлық-Кредиттік Корпорациясының заем қаражаттарын пайдалана отырып, 2 мың бас жылқы, 10 мың бас қой және 1,5 мың бас ІҚМ сатып алуымыз қажет. 

Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердінысаналы және тиімді пайдалану жөнінен қолданылатын шаралар, ерекше маңызға ие болып отыр. 

Бұл жұмыс қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелерін әкелуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 4 млн. 283 мың га жайылымдық жер тіркелген, пайдаланылып жүргені - 3 млн. 824 мың га.

 




Яндекс.Метрика