Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылаушылардың халықаралық институты ашылады

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылаушылардың халықаралық институтын ашады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 16:33

«Сайлау комиссиясы халықаралық принциптердің сақталуын басшылыққа алады және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылаушылардың халықаралық институтын ашады», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, ОСК төрағасы хабарлағандай, жақын арада ОСК-да сайлауға дайындық барысында баспасөз орталығы орналастырылады.

«Мен алғашқы баспасөз орталығының ашылғанын жеткізгім келеді, ол біздің ғимаратымыздың бірінші қабатында Бейбітшілік 4 мекен-жайы бойынша орналасқан», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысының 2015 жылдың 26 сәуірінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығы жарыққа шықты.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика