Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті талқыланды

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары С. Дьяченко Эстония Республикасының бұрынғы президенті Арнольд Рютель бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 17:09

С. Дьяченконың атап өткеніндей, біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күннен бастап Эстония елімен байланысты дамытуға баса назар аударуының нәтижесінде екі ел арасындағы түсіністік, сыйластық, өзара қолдау деңгейіндегі ықпалдастық күннен-күнге қанат жайып келеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Эстония - Қазақстанның Балтық аймағындағы ең маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.

Тараптар қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, транзиттік байланысты тереңдетуге, соның ішінде, ауылшаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастықты күшейтуге айрықша көңіл бөлді.

Делегация өкілдері өздерінің теңіз айлақтары арқылы Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына көмектесуге және қос мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саланы барынша қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Осы ретте жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорын жұмыстарын жолға қоюдың маңыздылығы зор болмақ. Осыған орай эстондық қонақтар бірқатар маңызды жобаларымен таныстырды. 

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның ерекше қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет екенін сөз етіп, Эстонияның біздің елмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ынталы екенін атап өтті.

Жылы шырайлы жүздесу барысында тараптар қалыптасқан достық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетіп, экономикалық әріптестікті нығайтудың мүмкіндігі зор екенін алға тартты. 

 




Яндекс.Метрика