Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР ОСК: Еліміздегі сайлаушылардың толық тізімімен қазақстандықтар 2015 жылдың 10 сәуіріне дейін таныса алады

Еліміздің сайлаушыларының толық әрі нақтыланған тізімі биылғы жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылатын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 16:05

«Сайлаушылардың толық әрі нақтыланған тізімін жергілікті атқарушы органдар тисті сайлау комиссияларына биылғы жылдың 5-ші сәуірінен кешіктірмей жіберулері керек. Ал. Сәуірдің 10-нан кешіктірілмей олар қазақстандықтардың назарына ұсынылады»,-деді ОСК басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

 Сайлау науқанының барысы туралы айтып өткен Қ.Тұрғанқұлов Президент сайлауына түсуге ниет білдірген азаматтардың 1 миллион 60 мың теңге көлеміндегі сайлау жарнасын төлеуі қажеттігін ескертті.

 Естеріңізге сала кетейік,  бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері  мен 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының басты дайындық шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді. 

 «Кеше Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын 2015 жылдың 26-шы сәуіріне тағайындау туралы Жарлығы жария етілді. Шұғыл түрде сайлау өткізу әлемдік тәжірибеде кездесе беретін жағдай. Мысалы ЕО-қа мүше елдерде соңғы 5 жылдың көлемінде мұндай сайлаулар 15 рет өткен. Ал бізде ұйымдастырылғалы отырған кезектен  тыс Президент сайлауы еліміздің заңнамаларымыздың нормаларында орын алған кейбір мәселелердің оңды шешілуіне ықпал етеді»,-деді ОСК төрағасы.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика