Ұлтаралық бірлік

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жинақтардың тұсаукесері өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен «Ел тарихындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «ҚХА: екі онжылдықтың тарихы» кітаптарын ұсынады.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 16:21

Жинақтардың таныстырылымы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлік мерекесіне орайластырылып отыр. «ҚХА: екі онжылдықтың тарихы» жинағы ұлттық бірліктің құндылығы мен қазақ халқының толеранттылығы, ҚХА құрылуының басты оқиғалары мен 20 жыл ішіндегі этникаралық бірлестіктерің араласау мәдениетін қарастырады.

«Қоғамдық келісім» РМБ хабарлағандай, жұмыстың маңыздылығы тарихи тұңғиықтағықазақ халқының толеранттылығының  қалыптасу жолын түсіндірудің бір жолы болу.

«Ел тарихындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясы»  атты екінші жинақ елдің 20 жылдық Конституциясына арналған. Ол Ассамблеяның тарихын Қазақстан халқының тарихымен ұштастырып бейнелейді. Басылым мемлекеттік және саяси қайраткерлердің, спортшылар мен ҚХА мүшелерінің, қазақ диаспорасы мүшелерінің   сұхбаты аясында дайындалды.

 Камила Амирова




Яндекс.Метрика