Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының үгіт-насихат кезеңі 26 наурыз бен 24 сәуір аралығында өтеді - ОСК

Кезектен тыс президент сайлауына үмiткерлердi тiркеу 26 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 15:54

«Бүгiн ОСК отырысында сайлау құжаттарының үлгiлерi мен сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлдi. Аталған жоспарға сәйкес, президенттiкке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады. Президенттiкке кандидаттарды  ҚР ОСК тiркейдi», - дейдi Қ.Тұрғанқұлов.

«Сайлау заңдарының басты талаптары бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарынан Қазақстан Президенттігіне кандидат азаматтардың барлығына бірдей қолжетімді жағдайлар жасалуы керек. Президент сайлауы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Осы бюджет қаржысының белгілі бір бөлігі Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалады», - деді ОСК төрағасы.

 Оның сөзінше,  Президенттіктен кандидат азаматтар өз сайлау қорларын құруға құқылы. Ол қор Президенттікке кандидат азаматтың жеке өзінің қаржысына немесе оны ұсынып отырған ұйымның қаржысына, тіпті болмағанда сол кандидатты қолдайтын азаматтардың қаржысына құруға болады.

«Президенттікке кандидат азаматтың сайлау қорының мөлшері 57 миллион теңгеден аспауы керек»,-дейді Қ.Тұрғанқұлов.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика