Үкімет

ОСК: ҚР Президенттігіне үміткерлерді ұсыну 26 ақпан мен 15 наурыз аралығында өтеді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерді ұсыну 26 ақпанда басталады және 15 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 15:48

«Үміткерлерді ұсыну құқығы бекітілген тәртіпте тіркелген республикалық бірлестіктер мен азаматтарға тиесілі. Президенттікке үміткерлерді қолдау сайлаушылардың қолымен расталады, яғни үміткер барлық сайлаушылардан кемдегенде бір пайыздан аз емес қол жинауы керек», - деп мәлімдеді Қ.Тұрғанқұлов.

Осы ретте, Тұрғанқұлов толықтырып өткендей, үміткерлерді ОСК тіркейді. Бұл процес үміткер барлық құжаттарды ұсынған соң басталады және 25 наурызда ақталады.

«Естеріңізге салып кетейін, Конституцияғы сәйкес ҚР Президенті азаматтармен жасырын дауыс беру негізінде сайланады. Сайлауға жасы 40-тан төмен емес, туылғалы бері Қазақстан азаматы болып табылатын және мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұрып келген үміткер қатыса алады. Алдағы сайлау науқанында 9,9 мыңнан астам сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады», - деп түсіндірді ОСК басшысы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика