Өңірлер

Қостанай облысында 2014 жылы 4,5 млн тонна астық жиналды

2014 жылы Қостанай облысында 4,5 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай27 Ақпан , 09:51

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің жалпы көлемі 233 млрд. теңге деңгейінде тіркелді(оның ішінде өсімдік шаруашылығы 160,3 млрд. теңге (69%) және мал шаруашылығы 71,6 млрд. теңге (31%).

Өкінішке қарай, айрықша күрделі ауа райы жағдайлары салдарынан егінді кем жинау себепті өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемдерінің 2,6%-ға қысқаруы орын алды, бұл ретте мал шаруашылығында 4,9%-ға өсім байқалды. Қорытындысында, саланың нақты көлем индексі 99,5% деңгейінде болып шықты.

Өсімдік шаруашылығындағы негізгі міндетті біз жүйелі әртараптандыру деп көптен бері айқындап алғанбыз және бұл бағытта әдісқойлықпен жұмыс істеудеміз.

Тек өткен жылы ғана негізгі дақыл – бидайдың егісі 300 мың га кемітілді, ал майлы дақылдар 129 мың га ұлғайтылды және 363 мың га жетті, бұл 2010 жылғыға қарағанда 2,3 есекөп.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызылатын егіс алқаптарының 313 га, бақша дақылдарынікі – 290 га өскені байқалады.

Жемдік дақылдар егілетін алқаптар 600 мың га  дейін ұлғайтылды. Бұл қолда бар мал басы мен құсты жеммен қамтамасыз ету үшін толығымен жеткілікті.Мұның барлығы, өсімдік шаруашылығында қазіргі уақыт талаптарына сәйкес келетін іс-қимыл бағдаржолы қамтамасыз етілген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Облыста инновациялық технологияларды  егіншілікке белсенді енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде нөлдік технологияны қолдана, жұмыстың толық технологиялық циклын сақтай отырып 1,2 млн. га егілді (дәнді дақылдардың барлық егіс алқабының 28%).

Неғұрлым шиеленісті жағдай Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарабалық, Федоров және Сарыкөл аудандарында қалыптасты, оларда астық бастыру қараша айына дейін жалғасты. 

Жылдың аяқ астынан туған жағдайлары себепті астықтың жалпы жиналымышығымдылығы 9 ,9 ц/га кезінде есептік салмақта 4 млн. тоннаны, ал шығымдылығы 11,3 ц/гакезінде бункерлік салмақта - 4,5 млн. тоннаны құрады. Бұл орайда 12% немесе 542 мың тоннажоғары рефракацияны атап өткен жөн.

Егін дәнді дақылдардың  97,9% немесе 4 млн. 14 мың га алқаптан жиналды. 32,6 мың га, оның ішінде Меңдіқара ауданында – 3,6 мың га, Ұзынкөл ауданында – 29 мың га жиналмай қалды.

230 мың тонна майлы дақылдар жиналды, 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемдері65%-ға өсті.

Мал басын қамтамасыз ету үшін пішеннің біржарым жылдық қоры бар (1 млн. 376 мың тонна), сүрлем мен  пішендеме 100 пайыздық көлемде салынды.

Өз тиімділігін дәлелдеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кредиттеудің оңайлатылған схемасы мінсіз іске қосылды.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 5,1 млрд. теңге кредиттік қаражат бөлінген болатын, олардың 91%-ы өтелді.

«Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдаудың шаралары сақталып қана қоймай, тіпті елеулі түрде өсті. Тек, өткен жылы ғана 15,7 млрд. теңгесубсидиялар төленді, бұл 2013 жылғыға қарағанда 1,6 есе көп. 

Машина-трактор паркін жаңғырту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. 2014 жылы ауылшаруашылық техникасының 870 бірлігі сатыа алынды, соның ішінде 304-і немесе 35%-ы«ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша, олардың ішінде: 85 трактор, 105 егін жинау комбайндары, 15 егіс кешендері, 3 тұқым сепкіш және басқа да техниканың 98 бірлігі сатып алынды. 

Еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру арқасында елден тыс жерлерден 12,6 мың бас асыл тұқымды мал, оның ішінде өткен жылы 2 мың басқа жуық, әкелінді.




Яндекс.Метрика