Басқару

А.Перуашев: Президенттің «қазақстандық қамту» тапсырмасының заңдық күші Үкіметтің көптеген міндеттерді орындауына игі ықпал етеді

Егер Мемлекет басшысының «қазақстандық қамту» жөніндегі тапсырмасының заңдық күші болса, ол Үкіметтің өзіне тапсырылған көптеген міндеттерді сәтімен жүзеге асыруына игі ықпал етеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Орталық коммуникациялар қызметінде болған кездесуде мәлім етті.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 14:49

«Бұл «Ақ жол» партиясы өкілдерінің пікірі»,-деді ол.  Оның вице-Премьер Б.Сағынтаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында келтірген мәліметтеріне сүйене отырып айтуынша,  биылғы жылы  ұлттық компаниялар мен жүйеқұраушы кәсіпорындармен жасалған меморандумдардың құны 960 миллиард теңгені құрайды.

Бұған қоса, Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қорының арасында бекітілген Меморандумның өзі  100 миллиард теңгеге жетіп отыр. Бұл құжаттардың барлығының құнын есептесек, 1,6 триллион теңге болады. Бұл дегеніңіз келісім жасаған салалардың арасында сауда-саттықтан түсетін қаржының 12-13 пайызы деген сөз»,-деді А.Перуашев. 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы осыған дейін Мемлекеттің алдына қазақстандық қамту бойынша ұйымдастырылатын форумдарды өткізуді қайта жаңғыртып, оның барысында меморандумдарға қол қоюды жалғастыра беруді тапсырған. Сонымен қатар Президент елімздің барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлардың болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосып, әкімдерге осы бағыттағы жұмыстарды жіті қадағалауды тапсырды. Бұған қоса Елбасы еліміздің барлық азаматтарына қайырыла отырып, бүгінгідей қиын-қыстау күнде отандық тауарларға жанашырлық танытып, оларды көптеп сатып алуды тапсырған болатын.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика