Адами капитал

1 сәуірден бастап жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарасы оңайлатылады - ҚР ДСӘДМ

Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмыссыз ретінде тіркелген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Казахстан26 Ақпан , 17:54

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақылар белгілеуге өтінімді өкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген кезде өткізу құқығын беру қарастырылған.  

Осылайша, жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына әлеуметтік төлем белгілеу үшін қосымша хабарласудың қажеті болмайды.  

Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмысынан айырылған жағдайда қарастырылатын әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жөнінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінім бере алады.  

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.  

 




Яндекс.Метрика