Басқару

Үкімет АӨК-ні сауықтыру шараларын толығымен жүзеге асырды

Агроөндірістік кешен бюджетін түзету, ол қаржыны қысқартуға емес оңтайландыруға және ресурстарды дұрыс бөлуге бағытталды, деп хабарлады Қаржы және бюджет бойынша комитеттің мүшесі, депутат Екатерина Никитинская.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 14:23

«Агроөндірістік кешен бюджетін түзету, ол қаржыны қысқартуға емес оңтайландыруға және ресурстарды дұрыс бөлуге бағытталды, сондықтанда АӨК сауықтыру шараларын толығымен жүзеге асырды», - деп мәлімдеді Е. Никитинская.

Депутат атап өткендей, агроөндірістік кешеннің басты бағыты ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өндірісі.

«Мұнда 2013-2014 жылдардағы барлық бағдарлама сақталды, бүгінде бұл бағдарламаға 292 компания қатысуда және 313 млрд теңге сомасы  500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, сонымен қатар Елбасы өзінің халыққа Жолдауында Үкімет пен әкімдіктерге 2015 жылғы егін егу науқанын уақытылы өткізуді тапсырды», - деді С. Қадыралиева.

Өз кезегінде, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының фракция жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Азат Перуашев атап өткендей, ауыл шаруашылығын қаржыландыруды тоқтату мүмкін емес «Малды жемшөпсіз қалдыру деген не немесе егін егу науқанын тоқтату деген не  бұл ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі, сондықтанда біз бұл шешімді қолдаймыз, бұл секторға өткен жылдармен салыстырғанда қаржыландыру көлемі арттырылған», - деп сендірді ол.

Бұдан басқа, Е. Никитинская толықтырып өткендей, бұл бағытта теңгелей несиелендіретін банктер үлкен қолдау көрсетеді.

«Қаржы бөлу бағдарламасы жасақталынып қойылды, тәртіп бойынша  капиталдық айналым аздық ететін, бұл мәселе шешімін тапты және кепілдікке алу шарттарыда оңтайландырылды», - деп түйді депутат.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика