Ұлтаралық бірлік

Қазақстандық студенттер Қазақстан халық Ассамблеясының жетістігі және құрылу тарихымен танысты

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Құқықтық мемлекетте, бейбітшілік пен достықта, тұрақтылық пен келісімде жиырма жыл» атты дөңгелек үстел өтті, ол ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 13:01

«Менің ойымша оның атының өзі айтып тұр. Ассамблея  мемлекетіміздегі келісім мен бірлікті қамтамасыз етіп отырған маңызды институттардың бірі. Осы жыл атаулы даталарға толы, олар Конституцияның 20 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы  Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.  Менің ойымша бүгінгі шараға студенттердің, ғалымдар мен ҚХА мүшелерінің қатысуы өте маңызды, себебі олардың барлығы қазақстандық дамудың стратегиялық бағыттарына және жаңалықтарға немқұрайлы қарамайды», - деді «Қырғызстан - Астана» қырғыз этномәдени бірлестігінің жетікшісі Шавкат Исмаилов.

Айта кетерлік жайт, шараның мақсаты Қазақстан халқының тұрақтылық пен бейбітлішікке және келісімге негізделген бірлігін, достығын, нығайту.

Осы ретте, дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, мемлекеттің құқықтық, экономика, саяси құрылыс саласындағы жетістігін білу азаматтық жауапкершілік сезімін, Отан үшін отқа да түсуге дайын болу сияқты жауапкершілікті қалыптастырады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика