Инфрақұрылымның дамуы

Қостанай облысында 26 нысан пайдалануға берілді

Өткен жылы спорттың 26 нысан пайдаланылуға енгізілді, соның ішінде: Қостанай қаласында және Затобол кентінде 2 спорт кешені пайдалануға берілді.
Қостанай26 Ақпан , 20:32

Хабарлағандай, Сарыкөл ауылында стадионның құрылысы аяқталды, Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде спортзал салынды. Қалалар мен аудандарда  халықтың дене шынықтыруын дамыту үшін 15 спорт алаңы салынды.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде Қостанай қаласында конькимен сырғанау  стадионы қайта жаңғыртылды.

Нәтижесінде  бүгінгі таңда халықтың  28%  белсенді спортпен айналысады (ҚР – 26%). Дене шынықтырумен және спортпен облыстың 250 мыңға жуық тұрғыны қамтылды, бұл  2013жылмен салыстырғанда 7,6 мың адамға артық.

Спорт ұйымдарымен Қазақстан Республикасының 76 спорт шебері (2013 жылдың деңгейінен33,3% артық), халықаралық класының 5 спорт шебері дайындалды.

Облыстың 44 спортшысы  23 халықаралық жарысқа қатысты,  Азия және әлем чемпионаттарында 42 медаль, оның ішінде 22 алтын медаль иеленді.




Яндекс.Метрика