Парламент

ҚР Қаржы министрлігі Сенатта 2015-2017 жылдарға арналған бюджетке енгізілген түзетулерді таныстырды

Қаржы министрлігі Парламент Сенатының депутаттарын бүгін «2015-2017 жылдарға арналған бюджет туралы» заңына енгізілетін өзгерістермен таныстырды.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 12:41

«2015 жылғы түсімдер 5  триллион 988 миллиард көлемінде анықталды. Бұл осыған дейінгі бекітілген бюджет көрсеткіштерінен 870 миллиард теңгеге аз. Болжам 3 триллион 219  миллиард теңгенің көлемінде немесе  осыған дейінгі болжамнан 940 миллиард теңгеге кем. Республика бюджетінің шығындары 7 триллион 244,5 миллиард теңгенің көлемінде қарастырылып, алдындағы көрсеткіштен 610 миллиард теңгеге аз болып отыр», - деді еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Шығыстар негізінен елде іске асырылуы тиіс жаңа жобалар мен бағдарламалар және әлеуметтік саладағы тың бастамаларға жұмсалатын болады. 

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әлеуметтік сала бойынша жұмсалатын шығындар жалпы шығынды ескере келгенде 39,2 пайызды құрап, тұрақты өсім 0,2 пайызды құрап отыр.

«Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттер көлемі алдында бекітілген 1 триллион 702 миллиард теңге көлемінде қалды. Ұлттық қордан алынатын мақсатты трансферттердің көлемі «Нұрлы жол» бағдарламасын түзетудің есебінен 76 миллиард теңгеге көбейіп, 70835 миллиард теңге болып қалды»,-деді Қаржы министрлігінің басшысы.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика