Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

11 наурызда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі өтеді

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі 11 наурызда өтеді. Партия Съезін шақыру туралы тиісті қаулыға партия төрағасы Н.Назарбаев қол қойды. Бұл туралы өңірлермен селекторлық жиын барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 12:26

«Н.Ә.Назарбаев партияның кезекті XVI Съезін 2015 жылдың 11 наурызында шақыру туралы қаулыға қол қойды. Біз бүгін барлық өңірлерді тартып және ең бастысы партиямыздың негізі – бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен жиынды осындай кеңейтілген форматта өткізіп отырмыз. Партияның 300 мыңнан астам мүшесін қамтып отырған 300 бастауыш ұйымның басшыларына қош келдіңіздер деймін. Партияның міндеті – сайлау науқанына қатысу, сол себепті біз апта ішінде тиісті жұмысты қолға алуымыз керек», - деп мәлім етті Бауыржан Байбек. 

Партия жарғысына сәйкес 26 ақпанда бастауыш партия ұйымдарының жиындарында, партияның аймақтық және өңірлік филиалдарының конференцияларында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды ұсыну басталады.

«Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 1200-ден астам, оның ішінде облыстық мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциясының жетекшілері, шалғай ауылдардың өкілдерін қосқанда 200 –ден астам бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ, 100 –ден астам ардагерлер мен партия белсенділері  бар делегаттар қатысады деп жоспарлануда», - деді Б.Байбек.

 

 




Яндекс.Метрика