Инвестициялар

KAZNEX INVEST қарағандылық кәсіпорындардың халықаралық көрмелерге қатысуларына көмек көрсетеді

Қарағанды облысының кәсіпкерлері өздерінің өнімдерін сыртқа шығару үшін мемлекеттің қолдауын пайдаланатын болады, деп хабарлайды KAZNEX INVEST.
Қарағанды26 Ақпан , 19:03

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілдері Қарағандыда кәсіпкерлермен болған жүздесуде эскпортты мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Аталмыш шараның мақсаты еліміздің кәсіпорындарының өз өнімдерін эскпортқа мүмкіндігінше көбірек шығаруға ықпал ету»,-делінген осы мәселеге байланысты таратылған ақпаратта.

 Қарағанды облысы бойынша қайта өңделген тауарлардың көлемі 2014 жылы 3,1 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қарағандылықтанр еліміздің өзге өңірлерінің арасында бірінші орында тұр. Әдетінше, бұл аймақта қайта өндірілетін тауарлардың басым бөлігін металургия, азық-түлік және химия саласының өнімдері құрап отыр.

 Қарағанды облысы еліміздің металлургия орталығы саналады. Алайда, бұл өңірде сонымен қатар сыртқы экономикалық қатынастары елдің эскпорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін «Кэлсис», «Сантехпром», «Қарағанды конфеттері», «Қазцентрэлектропровод» ЖШС-і  сияқты нақты сектордағы кәсіпорындар да жұмыс істейді. Биылғы жылы Қарағанды облысының өнім өндірушілері ұлттық агенттіктің Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, Армения, Ресей және Моңғолия сияқты мемлекеттеріндегі іс-шараларына қатыса алады. KAZNEX INVEST сонымен қатар кәсіпорандардың халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын салааралық көрмелеріне де қатысуға қолдау көрсететін болады. Биылғы жылы тауарэкспорттаушы кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен 35 миллиард теңге бөлінбек.




Яндекс.Метрика