Халықаралық интеграция

Қазақстанда 20-дан аса елдің әскери өкілі 2015 жылға қойылған міндеттерді айқындады (Фото)

Қазақстан Республикасында тіркелген әскери дипломатиялық корпус ҚР Қарулы Күштердің алдағы іс-шаралары мен халықаралық әскери ынтымақтастық перспективасының негізгі міндеттерімен танысты.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан, 09:21

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 20 ел әскери ведомстваларының өкілдері өткен жылдың қорытындысын, 2015 жылға қойылған міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің ұзақ мерзімді жоспарлары мен алдағы уақытта қорғаныс ведомстваларымен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Бұл кездесу биыл ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстанда қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты кеңейту және тереңдету бойынша іс-шаралар жоспарының аясында өтті.

 «Бүгінгі таңда қазақстандық армияның даму үрдісін кәсіпқойландыру, ақпараттандыру, роботтандыру және зияткерлендіру айқындайды. Осыған орай ол жауынгерлік даярлық, кадрларды басқару, әскери қызметке шақыру және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы, бірлескен оқу-жаттығулардағы шетелдің озық тәжірибесін зерделеу орта мерзімді перспективаның басымдығы болып табылады» -  деп ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери атташелермен кездесуінде сөйлеген сөзінде атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда 41 елдің әскери атташелері тіркелген. Өткен соңғы бірнеше жылдар ішінде еліміздің әскери-дипломатиялық корпусы Жапония, Венгрия, Нигерия, Йемен, Уганды, Шри-Ланка және Швеция өкілдерімен толықты. Халықаралық ынтымақтастық бірлесіп оқу-жаттығулар («Дала қыраны-2014», «Өзара қарым-қатынас», «Бейбіт миссия», «Өңірлік ынтымақтастық» және басқалары) есебінен нығайып келеді. Осы оқу-жаттығулар әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлаудағы түрлі елдердің тәжірибесін зерделеуге және теориялық білімді іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.

 

 





Яндекс.Метрика