Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қостанай облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 32,9 млрд теңгеге ұлғайды

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жұмыс істегелі бері Қостанай облысында халықты сапалы медициналық көмекпен қамту жақсара түсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай26 Ақпан , 15:19

Денсаулық сақтау саласында  2012 жылы 27,3 млрд теңгеден,  2014 жылы 32,9 млрд теңгеге дейін жыл сайынғы қаржыландыруды ұлғайтудың арқасында мүмкін болды.

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің қарқыны   үш жыл ішінде нәрестелердің шетінеуі 24,3% төмендеді, онкологиялық аурулардың өлімі  – 25,5%  төмендеді, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының өлімі -36,8% төмендеді, туберкулезден – 47,5% төмендеді.

Медициналық техника мен медициналық бағыттағы бұйымдармен қамтылуын 11%дейін арттырдық (2013 жылы 53%-дан  2014 64%  дейін ).

Есептік жылы  Рудный қаласында  екінші перинаталдық және инсульттік орталықтар, Қостанай қалалық балалар ауруханасының базасында оңалту орталығы ашылды

Ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің 7 объектісі пайдаланылуға енгізілді.Тек салауатты өмір салты ғана ұлт денсаулығының кілті болып табылады.

 




Яндекс.Метрика