Парламент

Сенат Құпия ақпаратты сақтау тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Парламенттің Сенаты Қазақстан Республикасының «Еуразиялық экономикалық комиссиясының бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 11:07

«Келісім құпия ақпаратты алмасу тәртібі мен оны жариялағаны үшін жауапқа тартуды қарастырады», - делінген экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің қорытындысында.

Қорытындыға сәйкес, Келісім 2010 жылдың 9 желтоқсанында бәсекелестіктің бірыңғай прициптері мен тәртібі туралы келісім аясында мемлекеттік құпияларды есепке алмағанда Комиссия, тараптардың мемлекеттік билігі, тараптардың жеке және заңды тұлғалары қатысатын құпия ақпаратты сақтау бойынша қарым-қатынасқа әсер етеді.

«Құпия ақпарат туралы келісімнің нормалары бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтарына тергеу жүргізу, бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарау, сондай-ақ бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылауды іске асырумен байланысты өзге рәсімдік іс-қимылдарды орындау шеңберінде құпия ақпаратқа рұқсаты бар Комиссия қызметкерлеріне қолданылады», - деп атап өтті  комитет.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика