Ұлтаралық бірлік

Ақтауда «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті

Ақтаудағы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер арасында үздік атанған ұлттар достығын әспеттейтін «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасының есептік фестивалі өтті.
Маңғыстау27 Ақпан , 08:51

Қала әкімдігі хабарлағандай, шараға қала әкімі Е.Жаңбыршин, Ақтаудағы Әзірбайжан Республикасының Бас Консулы Р.Маммадов, Иран Ислам мемлекеті мен Түркіменстан елінің Бас консулдық өкілдері, әкім орынбасарлары, қалалық мәслихаттың хатшысы М.Молдағұлов, «Нұр Отан» Партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Р.Шалбаев, Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен шара қонақтары мен қатысушылары этно-мәдени бірлестіктердің ұлттық қолөнер бұйымдары мен кітаптарының көрмесімен танысты.

Қала басшысы этно-мәдени бірлестіктердің ұлттық өнерлерін тарту еткен концерттік бағдарламада құттықтау сөз сөйлеп, екі жыл бұрын қолға алынған ұлттар достығы мен халық бірлігін насихаттаған ауқымды жобаның мемлекеттік, одан әрі халықаралық деңгейде өткізілуі үлкен жетістік екенін атап өтті.

Жоба қаладағы тыныштық пен ұлттар татулығының мығым болуына өз септігін тигізіп отыр. Өйткені, қала тұрғындарынан 84 пайызы сауалнамада қаламыздағы ұлтаралық тұрақтылық пен халықаралық қатынастың жоғары екенін атап өткен

 




Яндекс.Метрика