Өңірлер

Азық-түлік корпорациясы 2,7 млрд теңге егін егу жұмыстарын жүргізуге арналған аграриялардың өтінімдерін мақұлдады

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 13:58

Ұлттық компания хабарлағандай, 2015 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясына әртүрлі өңірлердің аграрияларынан жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге 600 өтінім келіп түсті. Мұның өзінде АШТӨ берген өтініштер бойынша жалпы егіс алаңы 880 мың га-ға ұлғайды.

Өтінімдер қаралғаннан кейін 450 мың га жалпы егіс алаңына 2,7 млрд. теңгедан астам сомаға 283 өтінім мақұлданды.   

Аграриялар өз міндеттемелерін 2015 жылдың 1 қарашасына дейін бидай жеткізу арқылы орындауы тиіс екенін естеріңізге саламыз. Жалпы бағдарламаны іске асыруға 17 млрд. 650 млн. теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика