Парламент

Қазақстан Парламенті ХҚДБ-нің энергия тиімділігін арттыру жобасына қатысты келісімді ратификациялады

Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкімен арадағы (энергия тиімділігін арттыру жобасы) грант туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 10:49

2014 жылдың 18 маусымында  қарауға алынған аталмыш құжат еліміздің энергия тиімділігін арттыру әлеуетін тиімді пайдалану үшін қолайлы стратегиялық жағдай қалыптастыруды қарастырады.   

 «Бұл жоба энергия тиімділігін арттыруды консультациялық қолдаулар мен оларды дайындау ісін күшейту бағытындағы саясатты қолдайды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мен қаржыландыру екі бағыт бойынша, яғни инвестициялық және техникалық көмек көрсету арқылы жүргізілетін болады»,-делінген Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің заң жобасына қатысты қорытындысында.  

Келісімнің талаптары бойынша, жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінен құрылған Швейцариялық даму және ынтымақтастық басқармасының есебінен қаржыландырылатын болады. Бұл бағыт бойынша бөлінетін грант құны  21 763 000 АҚШ доллары көлемінде белгіленіп отыр.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика