Өңірлер

Ақтауда тұрғын үйлерде жылу беруді оңтайландыру мәселелері талқыланды

Ақтауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімі.
Маңғыстау26 Ақпан , 20:06

Штаб отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен, Ақтау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік және энергетика саласындағы нысандардың 2014-2015 жылдар бойынша жылу маусымынан өту барысы туралы мәселе тыңдалып, талқыланды.

«15 шағын ауданның жылумен қамтылуын қалыпты жағдайда ұстау үшін, «СПМНУ» ЖШС есебіне сәйкес, автономды жылу пунктін салу қажет. Бұл шағын аудандағы жағымсыз гидравликалық режимдерден тікелей еріктілікті жоюға және қызмет сапасын арттыруға көмектесіп, тұтынылған энергоресурсты бақылауды ретке келтіреді», - делінген хабарламада.

Қалалық әкімдік тарапынан жылумен қамту бағытында тиісті шаралар алынды. Қалаға жылу ұсынушы компанияға заң аясында тиісті талаптар қойылды. Бұл өз кезегінде жылу температурасы кестесінің түбегейлі өзгеруіне әкелді. Яғни, қазіргі кесте бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қалаға жылу температурасын ауа райының ортақ көрсеткішіне байланысты 150/70 градус аралығында беруге міндеттенді. Қалаға жылу тиісті мөлшерде және қажетті температурада беріліп отыр. Ендігі жұмыс тұрғын үйлерге тікелей қызмет көрсететін сіздердің компанияның міндеті.

Жиын соңында пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің басшыларына «Е-регион» автоматтандырылған басқару жүйесінің басым тұстары жіті түсіндіріліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жұмысты жүйелеуде нәтижелі екендігі айтылды. Бұл жоба жуырда ТМД бойынша үздік танылып, арнайы дипломға ие болғандығы сөз болды. «Smartex» ЖШС директоры А.Аринова кез келген компания қалалық ТКШ және ЖИ бөліміне өтініш беру арқылы қосыла алатындығы ескертілді.




Яндекс.Метрика