Ұлттың денсаулығы

Әскери қызметші қыз-келіншектер өздерінің спорттағы даярлықтарын көрсетті (Фото)

Халықаралық әйелдер күніне орай әскери қызметші қыз-келіншектер өздерінің спорттағы даярлықтарын көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 26 Ақпан, 20:41

Әскери қызметші қыз-келіншектер жан-жақты болуы тиіс. Олар өз мамандығын жоғарғы деңгейде меңгеріп қана қоймай, спорттық тұрғыда жақсы шыныққан болуы тиіс.

«Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметші әйелдерге арналған спорттық эксперсс-тест өткізілді.  Олар дене даярлығы жаттығуларын, соның ішінде құрамына 1 км қашықтыққа жүгіру, пресс жаттығуын жасау, жерден көтерілу, сондай-ақ айналма жүгіру сияқты күштік жаттығулар кешенін орындады», - делінген хабарламада.

Экспресс-тестте «Батыр арулар» конкурсына қатысушылар да өз дайындықтарын көрсетті. Естеріңізге сала кетсек, байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен, ҚР Қарулы Күштерінде  жұмыс істейтін, отставкадағы әскери қызметшілер қатысуда.

Барлық жаттығулар жоғарғы жылдамдықта орындауды талап етеді. Мысалы, күштік жаттығуларға бір минут берілді, осы уақыт ішінде қыздар барынша көбірек пресс және жерден көтерілу жаттығуларын жасауы керек. Айналма жүгіруді орындау барысында жарысқа қатысушылар он метрлік арақашықтықты барынша қысқа мерзімде он мәрте жүгіріп барып қайтуы тиіс болатын.

Осындай жарыстар әскери қызметшілерді даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өткеніміз жөн. Жарыс олардың дене даярлығы деңгейін, халықаралық спорт алаңдарында бәсекеге қабілеттілігін арттырады және Қазақстанда армия спортын дамытуға ықпал етеді.

 





Яндекс.Метрика