Адами капитал

2014 жылы Астана халқының саны 38 мың адамға көбейді

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 38550 адамға көбейді, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 15:36

«Астана қаласындағы халықтың саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы      1 қаңтарда 852985 адамды, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 379943 (44,5%),   «Есіл» ауданы бойынша - 126799 (14,9%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 346243 (40,6%) адамды құрады», - делінген хабарламада.

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны  38550 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 11916 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  -  12955 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 17920 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың табиғи өсімі - 20630 адамды, көші-қон өсімі - 17920 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы Астана қаласы бойынша 24216 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,6%-ға көтерілді және 20630 адамды құрады.

Осы аралықта қалада 3586 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 1,4%-ға артық.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 167 жағдайы тіркелді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 29 жағдайға аз. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 6,90 (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 8,97) құрады.

Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 33,3%, өскіндер - 21,4%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 13,3% алады.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға, ажырасулар саны 9,4%-ға өсті.

 




Яндекс.Метрика