ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Қостанай облысында 316 млрд теңгенің 11 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

Қостанай облысында ИИДМБ аясында 316 млрд теңгенің 11 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай26 Ақпан , 11:37

«Қазақстан халқына «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өңірлерде шағын және орта бизнес өндірісін дамытуға және қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа Индустриалдық аймақтарды құру мәселесін пысықтау керек деген болатын», - делінген хабарламада.  

Олар замануи өндірістерді дамытумен байланысты бірқатар міндеттерді шешуге, жалпы өңірлік ішкі өнімді ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз өндіріс көлемін сақтап қалу және оны одан әрі ұлғайту. Оған негіз  ретінде бірінші бес жылдықта Индустриаландыру картасы шеңберінде енгізілген 77 нысан қызмет етеді. Олардың ішінде 8-і өткен жылы енгізілген болатын бұл ретте 455 жұмыс орны ашылды. 

Индустриаландыру картасы шеңберінде ашылған кәсіпорындар тек өткен жылы ғана 79 млрд. теңгенің өнімін шығарды, бұл жалпы қайта өңдеу өнеркәсібі көлемінің 32% құрайды.

 2014 жыл ішінде бұрын пайдалануға берілген 69 объектіден 55 кәсіпорын немесе 80%-ы 100% жоспарлы қуаттылығына шықты.

Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 6 басым сала мен 14 сектор айқындалды.

Облыста осы басымдықтарға сәйкес 3266 жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 316 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика