Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді

Қазақстан Республикасында кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасынан берген тікелей халыққа үндеуі барысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 20:49

 «Көңілге қонымдысы, Конституция талаптарына жауап беретіні сайлау өткізу болып табылады. Сондықтан халықтың мүддесіне орай, оның өтінішін, жалпыға ортақ ерік-жігерін есепке ала отырып, Негізгі Заңды бұлжытпай сақтау үшін мен Конституцияның 41-бабының 3.1 тармағына сәйкес шешім қабылдап, 2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан үшін сайлау қашанда қоғамдағы бірлік пен келісімнің жоғары тетігі болды. Қазір де және әрқашанда солай болатынына сенімдімін!», - деді Н.Назарбаев.

«Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы бірауыздан қолдау білдірді. Ол 6 саяси партияның, 18 республикалық қоғамдық бірлестіктің, 500 өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді. Аталған мәселе бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бастамашылық жасады.Бұл күндері менің атыма кәсіпорындардың еңбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студенттерден, жасы және кәсібі әртүрлі адамдардан көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Мұның өзі біздің азаматтарымыздың өсе түскен саяси белсенділігі мен олардың ел тағдырына шынайы қамқорлығын білдіреді», - деді Елбасы.

 




Яндекс.Метрика