Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Астанада сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының жүзеге асырылуы талқыланды

Бүгін Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің Дүниежүзілік Банк делегациясымен кездесіп, сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының маңызды іс-шараларының жүзеге асырылуын талқылады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 19:13

И.Меркель сот төрелігінің мүмкіндіктері мен тиімділігін арттыру, ақпараттық технологияларды дамыту мен бизнес үшін құқықтық ортаны жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді, деп Бас прокуратурадан хабарлады.

Кездесуде құқық бұзушылықтың жүйелі профилактикасын әзірлеу, құқық қорғау органдарын жаңғырту, соның ішінде кадр саясаты тұжырымдамасы бойынша шараларды жүзеге асыру, электрондық білезіктерді өндіруді ұйымдастыру, жекенің және мемлекеттің серіктестігі негізінде камералық сипаттағы түзеу мекемелерін салу, «е-айыппұл» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану әңгіменің бөлек тақырыбына айналды.

Дүниежүзілік банк делегациясының жетекшісі Амитабх Мухерджи Жобаны жүзеге асырудағы қазақстандық прокуратураның рөлін жоғары бағалап, қаражатты тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін растады.

Тараптар болып өткен кездесудің қалыптасқан қарым-қатынастың одан әрі дамуы жолындағы жоғары маңыздылығын, оның келешекте Қазақстанның жаңа құқықтық дамуындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.




Яндекс.Метрика