Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде Абылай ханның дулығасы мен Бөлек батырдың бас киімі таныстырылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі мен Бөлек батырдың бас киімі таныстырылды, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің музейінің директоры Алма Сағынғали көрменің ашылу барасында.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 18:26

 «Сіздер біздің экспозициямыздың бірегей экспонаттары Абылай ханның қылышы мен Бөлек батырдың бас киімін тамашалай аласыздар. Осындай құнды жәдігерлердің бір ғимарата болуының өзі ғажап жағдай»,- деді музей директоры.

Экспозицияда бірқатар тарихи артефактілер: Қ.Алтынбековтің тарихи дәлдікпен орындаған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен А.Абдубаиттің алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолары бар.

Көптеген жәдігерлер көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Осылардың қатарында қытайлық Цин династиясының кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алады. Оларда қытай императорларының әр түрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Осы дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар.

Осындай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері ҚХР мұрағаттарынан табылған, ал олардың дәл көшірмелері ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, қазіргі кезде Президенттің Көмекшісі-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың бастамасымен жасалған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика