Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты тақырыпта бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармалардың көрмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 18:09

Қазақ хандығының 550 жылдығы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезең. Міне, осы маңызды кезеңнің құрметіне орай Тұңғыш Президент мұражайында теңдесі жоқ осындай көрме ашылып, онда дәстүрлі қазақ қоғамының мұралары мен тарихына арналған бірнеше музей экспозицияларының жинағы бір мезгілде өнерсүйер қауым назарына ұсынылды. «Бұл экспозицияларда  құжаттар, суреттер мен мүсіндер, сәнді-қолданбалы өнер бұйымдары хандық дәуірінің кезінен ерекше бір көрініс қалыптастырып, ерекше сезімге бөлейді»,-деді ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры Алма Сағынғали.

Оның сөзінше, қазақ хандығының кеңкөлемді бейнеленген көрінісін еліміздің әйгілі қылқалам шеберлері мен мүсіншілерінің, қолөнершілерінің шығармалары құрайды. «Көрме еліміздің әйгілі деген суретшілерінің туындыларының арқасында ұйымдастырылуы мүмкін болып отыр»,-деді А.Сағынғали.

Айта кетейік, көрменің басты мақсаты - қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған Қазақ хандығының тарихындағы әйгілі оқиғалар мен тұлғалардың бейнелерін ашып көрсету болып отыр. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика