Парламент

Сенатта «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдар» анықтамалығы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Астанадағы Өкілдігімен бірлесе әзірлеген «Азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдар» анықтамалығы таныстырылды.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 17:54

Анықтамалық мақсаты – халықаралық құқықтың, атап айтқанда 1954 жылғы Апатридтер мәртебесі туралы конвенцияның қорғауында жүрген азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ азаматтығы болмаудың негізгі себептері туралы әңгімелеу, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Тұсаукесерді аша келіп, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков қазіргі кездегі азаматтық беру, бермеу және жоғалту жөніндегі халықаралық заңдар жүйесіне қарамастан, бүкіл әлемде миллиондаған адамдар азаматтығы болмай өмір сүруге мәжбүр екенін атап өтті.

БҰҰ БЖКБ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде ең аз дегенде 10 миллиондай адам бар көрінеді. Азаматтығы болмау білім алуға, дәрігерлік қызметке, заңды жұмысқа орналасуға, еркін жүріп-тұруға қол жеткізе алмай, болашағы белгісіз, ертеңгі күнге деген сенімсіз өмір кешу дегінді білдіреді.

Сонда да азаматтығы жоқтықтың және жаңа жағдайлардың пайда болуының алдын алу мәселелерін шешуде Орталық Азия елдері белсенді қызмет етіп келеді. Сондай мысалдардың бірі 2014 жылғы наурызда БҰҰ БЖКБ мен Ішкі істер министрлігінің арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуын айтуға болады. Бұл елдегі адамдарда азаматтығы болмаудың алдын алу жөніндегі Қазақстанның табысты қызметін қамтамасыз етуге арналған тығыз ынтымақтастықта әріптестіктің негізі болады.

«Азаматтығы болмау мәселелерін шешу жөніндегі Қазақстанның жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалды. Келесі қадам азаматтығы болмаудың алдын алу, құқықтық реформалар арқылы оның пайда болуынының түпкі себептерін жою. Бұл Қазақстанның азаматтығы болмауға қатысты мәселелерді түбірінен жоюда жетекші орнын тұғырландырады», - деп атап өтті БҰҰ БЖКБ Аймақтық Өкілі және Орталық Азиядағы Аймақтық үйлестірушісі Бернард Дойль.

Шараны қорытындылай келіп, Икрам Адырбеков қазіргі кезде бұл мәселені шешуде сапалы тұрғыда жаңа қадам қажеттігін атап өтті. Ол адамдардың азаматтығы жоқ болуына қатысты мәселелерді шешудің тиімді әдістерін әзірлеу - халықаралық құқықтардың қорытындысы мен әлемдік қоғамдастықтағы елдердің ұлттық заңнамаларындағы құқықтық алшақтықтықтарды жою болып отыр. Сенатор БҰҰ құрылымдық бөлімшелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, азаматтығы жоқ болудың себептерін жоюға бағытталған қазіргі замандағы өзгерістер мен іс жүзіндегі шешімдер әзірлеуге ықпал етеді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика