Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 4 жылда 18 суармалы нысан жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысында сүтті малды асырау мен нарық заманында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі мықты жем-шөп базасын қалыптастыру болып табылады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Ақпан , 19:43

«Білесіздер ме мал шаруашылығының кез-келген саласын дамытудың негізгі көзі соның ішінде сүтті мал асырау ісін жетілдірудің басты тәсілі олардың жем-шөп базасын қалыптастыру болып табылады. Сондықтан мал асырау туралы әңгіме болғанда жем-шөп қоры басты мәселелердің бірі болған және болып қала да бермек»,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов кәсіпкерлермен болаған кездесуінде. 

Екіншіден ол дәнді-дақылдардың егіс көлемін арттыру, тіпті жалпы егілетін  дақылдарды кемінде 22-25 пайызына дейін жеткізу қажеттігіне тоқталды. 

Глубокое ауданындағы «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі суармалы емес жерлердің өзінен жоғары сапалы әрі мол көлемде өнім алуға болатындығын көрсетті. 2014 жылы  мұнда мал азығы дақылдарының әрбір гектарынан 40-60 центнер өнім, жүгері мен бидайдан 80-100 гектардан, силстан 350-400 центнер өнім алынды. 

Сол себепті қазіргі таңда әкімдер үшін ауыл шаруашылығы саласын дамытуда қолға алынуы тиіс бірінші кезектегі мәселе аймақта мал өнімінің көлемін арттыратын суармалы жерлер көлемін ұлғайту болып табылады. Бұл бірінші кезекте 37 салынатын әрі қайта жөндеуден өтетін тауарлы-сүт фермаларын дамытуға әрі жекелеген иеліктегі сүт өндірумен айналысатын азаматтардың жем-шөп қорын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика