Басқару

ҚТЖ қызметкерлер мен жалақыны қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

ҚТЖ қызметкерлер мен жалақыны қысқартуды жоспарлап отырған жоқ, деп сендірді «ҚТЖ»ҰК»АҚ корпоративтік даму бойынша басқарушы директор Еркін Жусанбаев.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 16:17

«Дағдарыс көріністері мен негізгі серіктесіміз Ресей Федерациясындағы ахуалға байланысты біз өзіміздің ішкі жоспарымызды қайта қараудамыз. Жалпы, жалақы мен жұмысшыларды қысқарту қарастырылған жоқ», - деп сендірді Е.Жусанбаев.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, компанияда шығындарды оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Компанияны түрлендіру аясында табыстар базасын  әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Біз транзиттік тасымал және көліктік-логистикалық қызметті жалпы дамыту бағытынды белсенді жұмыс істеудеміз», - деп ол толықтырды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика