Ұлттың денсаулығы

А. Есімов - Алматының денсаулық саласының деңгейі республкалық орташа көрсеткіштен жоғары

Алматыда қала басшысы Ахметжан Есімовтың, кәсіби ұйымдар мен ведомстволар басшыларының қатысуымен қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қорытынды алқа жиыны өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы26 Ақпан , 09:53

Қала әкімі 2014 жылы бірқатар параметрлер бойынша мегаполистің денсаулық сақтау саласының деңгейі орта республикалық көрсеткіштен жоғары екенін атап өтті. Мысалы, бала туу өсімі артты, жалпы өлім азайды, өкпе ауруының алды алынды, ана мен бала өлімін болдырмау барысында жақсы көрсеткіштерге қол жетті.

Өткен жылы қаланың денсаулық сақтау саласына республикалық бюджетті қоса есептегенде 62 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, яғни өсім 10%, қаржының 99,9% -ы игерілді. Денсаулық сақтау саласының 10 нысаны күрделі жөндеуден өтті, жетеуінің сейсмикалық қуаты күшейтілді. «Жетісу-3» ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында «Мамыр» ықшам ауданының тұрғындары үшін қазіргі заманға сай қалалық емхана жұмыс істейтін болады, медиктер үшін 138 орынды жатақхана пайдалануға берілді.

Бұлардан өзге денсаулық сақтау ұйымдары заманауй әрі жоғары технолгиялы қондырғылармен жабдықталуда. Осы мақсаттар үшін 3 миллиард теңге бөлінді. Медиктердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін 230 млн. теңге жұмсалды, соның арқасында 1842 дәрігер, 2451 орта медицина қызметкері, 100 маман шетелдік жетекші клиникаларда білімдерін жетілдірді.

Алматы әкімі 2015 жылы атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді атап көрсетті.

«2015 жылы да жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, негізгі индикаторларды нығайта түсу қажет. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін денсаулық саласының шығынды 2 ұйымын мемлекеттік- жеке серіктестікке беру керек, қаржы тәртібін жақсартып, ведомстволық бағынышты ұйымдардың өзін-өзі ақтауын арттырған жөн», - деп қорытындылады сөзін А. Есімов.




Яндекс.Метрика