Өңірлер

ШҚО экономикасының ауыл секторында 13 кәсіпкерлік субъектісі бар

Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту: жағдайымен келешегі» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан26 Ақпан , 09:41

Семинар -кеңеске өңірдегі кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері, қалалар менаудандардың әкімдері қатысты.

Айта кету керек, ауыл шарушылығы Шығыс Қазақстанда қарқынды дамыпкеледі. Тек 2014 жылы ғана «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлермен шаруа қожалық иелеріне 12,2 млрд. теңгеге субсидия берілген. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Берілген субсидияның өтеуі ақталып,аймақта өткен жылы 154 инвестициялық жоба іске асқан. Соңғы 3 жылдаагроөнеркәсіпті дамытудың арқасында аймақта 7 мың жұмыс орны ашылған. Соныменқатар, өңірде мыңнан аса жеке кәсіпкер ветеринария саласында жұмысын табыстыатқарып келеді.

"Ауылдық аймақтарда кәсіпкерліктің, атап айтқанда агросектордың жолға қойылуын бекемдеу үшін 5 бағытта жұмысымызды жалғастырамыз. Біріншіден, сүт-тауар фермаларын салып, бұрыннан барларын күрделі жөндеуден өткізсек, екіншіден сүт өнімдерін ауыл тұрғындарынан сатып алу үшін сүт қабылдау бекеттерін көбейтеміз. Үшіншіден, қабылданған сүтті толық айналымға енгізу үшін сүт өңдеу кәсіпорындарының жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ, төртінші және бесінші бағытта аймақтағы бар малдың жем-шөппен қамтамасыз етілуі мен ветеринарлық-санитарлық қадағалауы назарға алынады. Айта кету керек, АӨК дамуының 5 бағытына да мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады", - деді Д.Ахметов.

 

 




Яндекс.Метрика