Адами капитал

Атырау қаласының майдангерлеріне қару-жарақтар мен әскери техника көрсетілді (Фото)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады. Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға Атырау қаласында тұратын 30 батыр-ардагер қатысты.
Маңғыстау 26 Ақпан, 19:34

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, майдангерлерді «Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы полковник Марат Нұғманов құттықтады.  «Отанымыздың қауіпсіздігі мен берекесі әрқашанда бірінші орында тұрады.

Соғысқа қатысқан әр азаматтың шексіз отансүйгіштігі жауынгерлік бауырмалдықты нығайтып, жау алдында үстем болуға мүмкіндік берді. Мәскеу, Сталинград түбіндегі шайқастарда, Курск доғасында, Днепр бойындағы ұрыста тірек болып, қоршауда қалған Ленинградқа қажырлық берді, сансыз ұрыстарда сарбаздардың рухын көтерді», - деп полковник Марат Нұғманов ардагерлер алдында сөз сөйледі.

Жоғарғы буын өкілдері өздеріне көрсеткен қару-жарақ және әскери техникамен үлкен қызығушылықпен танысқаннан кейін, соғыс жылдарындағы ән-билерді тамашалады. 41321, 51051, 41433 әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен Атырау қ. әскери-техникалық мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері алдында салтанатты сап түзеп жүріп өтті, сондай-ақ олар қоян-қолтық күрестің әдістерін көрсетті.

Майдангерлерге мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Аталған іс-шара «Батыс» ӨңҚ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық  мерейтойын өткізу жөніндегі жоспардың аясында өтті.

 





Яндекс.Метрика