Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР БҒМ 145 мыңдай студентті дуальды технологиямен қамтуды жоспарлауда

ҚР БҒМ 145 мыңдай студентті дуальды технологиямен қамтуды жоспарлауда, деп хабарлады Қазақстан республикасы білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 14:53

«Бүгінгі таңда 3225 кәсіпорын 21 мыңдай студенті бар 280 колледжбен ынтымақтастық орнатқан. Бұл еліміздегі колледждердің 4%.  Бүгінгі таңда біз дуальды білім беру жүйесі бойынша білім алған студенттердің санын 145 мыңға жеткізу міндетін қойып отырмыз»,- деді  Е.Иманғалиев ОКҚ-да ткен баспасөз конференциясында.

Вице-министр атап өткендей, келісімге сәйкес дуалды білім беру жүйесі қолданылғаннан кейін мемлекет жұмыспен қамтуды кепілдендіреді.

«Соңғы жылдары кәсіпорындар оқуға 2776 қайтарымсыз мақсатты гранттарды бөлді. Сонымен қатар, 1712 атаулы шәкіртақы, 230 мыңнан астам айына 60 мыңға дейін жалақысы бар өндірістік тәжірибе бөлді. Әлеуметтік серіктетік туралы 2 мыңнан астам келісімдер мен меморандумдар түзілді»,- деп атап өтті вице-министр.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика